USD
USD
USD

Мемлекеттік рәміздері күні Алматыда қандай іс-шаралар өтеді?

Алматыда түрлі іс-шаралар, соның ішінде туды салтанатты түрде көтеру және әнұранды орындау, автошеру, көрмелер мен концерттер жоспарланған.

Рәміздер
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 11:00 — «Медеу» спорт кешенінің жанындағы алаң: қала басшылығының, мәдениет және спорт қайраткерлерінің, қоғам өкілдерінің, жастардың қатысуымен ту көтеру және әнұран орындау салтанатты рәсімі.

15:00 — Әлеуметтік қызметтер үйі: қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, сарапшылардың, ҮЕҰ өкілдері мен жастардың қатысуымен «Көк тудың желбірегені» тақырыбындағы конференция.

16:00 — «Алатау» дәстүрлі өнер театры: ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған концерт.

19:00 — Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы: Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің «Менің елім» патриоттық концерті.

Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар жоспарланған. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті