Референдум Референдум
3 Наурыз 11:38
...

Мемлекеттік қызметшілерге арнайы ипотека: Үкіметтің ұстанымы қандай?

.
Фото: Nege.kz/ЖИ көмегімен жасалған

Үкімет мемлекеттік қызметшілерге арналған жеңілдетілген ипотека енгізу бастамасын қолдамады.

Референдум

Астана, NEGE. Қаңтар айында Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков «Отбасы банк» арқылы мемлекеттік қызметшілерге арнайы бағдарлама әзірлеуді ұсынған болатын. Оның ұсынысына сәйкес, олар бастапқы жарнасыз, төмен пайызбен ипотека алып, банк сыйақысының бір бөлігін мемлекет есебінен өтей алуы керек еді.

Депутат бұл бастаманы айлығы 180 мың теңгеден басталатын төменгі және орта буындағы мемлекеттік қызметшілерге арнаған.

«Ипотекалық өнімдердің жеткілікті екенін, сондай-ақ 2026 жылғы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды және бюджет қаражатының шектеулі екенін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерге бастапқы жарнасыз және төмен пайызбен жеке тұрғын үй бағдарламасын іске қосу қолдау таппады», – деп жауап берді премьер-министр Олжас Бектенов. 

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметшілер қазір қолданыста бар тұрғын үй бағдарламаларына бәріне ортақ тәртіппен қатыса алатынын айтты. Олардың қатарында жеңілдетілген ипотека, кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін баспана және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын өңірлік бағдарламалар бар.

Референдум