USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметшілерге арналған тағы бір мессенджер әзірленеді

Бұл жөнінде премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында атап өткен.

Отандық мессенджер
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Өткен жылы желтоқсан айында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева үкіметке сауал жолдап, «заңға бағынатын» платформалар мен мессенджерлерді қолдануға ықпал ететін ынталандыру шараларын әзірлеуді ұсынған.

Бектенов бұл ұсынысқа берген жауабында қазақстандық Aitu мессенджеріне қоса Alem GovWorkspace технологиялық шешімі әзірленіп жатқанын хабарлады.

«Цифрлық штабтың шешімімен қазақстандық Aitu мессенджері ұлттық мессенджер ретінде айқындалып, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы қызметтік байланыс үшін пайдалануға ұсынылды. Ұялы байланыс операторлары бұл мессенджерді қолдану кезінде нөлдік тариф белгіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар үшін қауіпсіз цифрлық жұмыс ортасын құру мақсатында Alem GovWorkspace отандық, кешенді технологиялық шешімі әзірленуде, ол мемлекеттік қызметшілердің қорғалған қашықтан жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған, оның ішінде топтық чаттарды, аудио және бейнеқоңырауларды қолдайтын жедел хабар алмасу функционалы қамтылған», – делінген жауапта.

Сондай-ақ үкімет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес компанияларының «Астана Хаб» қатысушыларынан IT-қызметтерді басым тәртіппен сатып алу тетігі пысықталып жатқанын атап өткен. Бұл отандық баламалар болған жағдайда шетелдік шешімдерді сатып алуға жол бермейді.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй