USD
USD
USD

Мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы мүдделер қақтығысын шешу тәртібі заңмен белгіленеді

Түзетулер аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң «Мүдделер қақтығысы» атты жаңа тараумен толықтырылды. Онда мүдделер қайшылығы туындаған жағдайдағы мемлекеттік қызметшілер мен олардың басшыларының жауапкершілігі қарастырылған.

Бизнес
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекеттік органдардағы мүдделер қақтығысы туралы есептерді әдеп жөніндегі уәкілдер, квазимемлекеттік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметтері, ал олар болмаған жағдайда кадр қызметтері қарайды. Қарау қорытындысы бойынша олар органның немесе ұйымның басшылығына мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу бойынша ұсыныстарды немесе оның жоқтығы туралы қорытындыны беруге тиіс.

Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу, сондай-ақ егер бар болса, қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша шараларды қолданбаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте мүдделер қақтығысы жағдайында шығарылған немесе жасалған актілер, шарттар немесе өзге де шешімдер жойылады немесе жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ жеке мүдделер туралы декларация енгізіледі.

Мемлекеттік лауазымға немесе мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты лауазымға үміткер азаматтар кадр қызметіне жеке мүдделері туралы декларация тапсыруға тиіс. Оны толтыру тәртібі Үкіметтің актісімен айқындалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің тәуелсіздігі құқықтық деңгейде реттеледі.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

ТЖ

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

.

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

.