USD
USD
USD

Мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңге болды – Қаржы министрлігі

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Бюджет
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңге болғанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды»,

— деді Мәди Такиев.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев