USD
USD
USD

Мемлекеттік бюджет кірістері шамамен 17%-ға өсіп, жоспардан асыра орындалды

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түсіп, жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңге (+16,9%) болды.

Ақша
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындаған.

«Өсім Қазақстанның экспорттық тауарлары бағасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемінің артуы, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері есебінен қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.

Республикалық бюджеттің 98%-ы салық түсімдерінен құралады десек, бюджет кірістері 101,8%-ға орындалған. 4 трлн теңге жоспарланғанымен, шамамен 4,2 трлн теңге түскен.

Үкімет мәліметінше, негізгі өсімге ықпал еткен жағдайлар:

  • корпоративтік табыс салығы (КТС) – 16,9%;
  • импортқа қосылған құн салығы (ҚҚС) – 24,2%;
  • пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (ХДПИ) – 35,7%

Жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимінде 392 мың жеке тұлға тіркелген. ҚҚС төлеушілер саны 10 мың субъектіге артты.

Ресми мәліметтер бойынша инфляция деңгейі 6 айдан бері төмендеп келеді. Қазіргі уақытта жылдық инфляция 11,0% болды. 2025 жылдың қыркүйегінде 12,9% болып, шарықтау шегіне жеткен еді.

«Бұл ретте, ҚҚС өзгеруіне байланысты бағаның қысқамерзімді өсуі қазірдің өзінде теңестірілді және ағымдағы қарқынға әсер етпейді», – дейді үкіметтегілер.

ҰЭМ болжамына сәйкес, инфляция 2027 жылдың басына қарай бір мәнді деңгейге көтерілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев