USD
USD
USD

Мемлекеттік білім беру гранттары тағайындалды

2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Грант
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, комиссия құрамында ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдар, білім беру саласындағы кәсіподақтар, «Атамекен» ҰКП, жоғары оқу орындары қауымдастығы мен қоғамдық ұйым өкілдері болды. Комиссия отырыстарында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік гранттар қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурс негізінде бөлінген.

«Сапалы және қажырлы қызметі үшін комиссия мүшелеріне шексіз алғысымды білдіремін!» – деп жазды министр.

Министрдің мәліметінше, биыл конкурсқа қатысу үшін шамамен 113 мың өтініш қабылданған. Талапкерлер арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары ретінде «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», сондай-ақ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталған.

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.