USD
USD
USD

Ерлан Әбіл Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Әбіл
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Оның орнына Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ерлан Әбіл 1973 жылы 18 қыркүйекте Жезқазған қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған тау-кен-технологиялық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

Ерлан Қуанышұлы бұл қызметке 2019 жылы 21 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

19 шетелдік Қазақстан аумағына жалған құжатпен кірмек болған

Шекара қызметкері

Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Сот балғасы

Отбасы банк 15 қазаннан бастап алты ай күтпестен баспана алудың жаңа тетігін іске қосады

Отбасы банк

Елордада қоғамдық көліктегі жолақысы 150 теңге дейін өседі

Автобус