USD
USD
USD

Мемлекеттің қызметкердің жалақысы қаншаға көбейді?

Ақмола облысында 1 қаңтардан бастап, әлеуметтік және бюджеттік салада жұмыс істейтін 25 мың қызметкердің еңбекақысы артты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов айтты.

Мемлекеттің қызметкердің жалақысы қаншаға көбейді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Брифингте айтылғандай, Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында халықтың әл-ауқатын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды басты міндет етіп қойып отыр.

«Биылғы жылдың қаңтарынан бастап, Ақмола облысында 25 мың әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерінің еңбекақысы артады. Осы мақсатта қосымша 17 миллиард теңге бөлінді. Нақтырақ айтатын болсақ, биылдан бастап облыста 15 мыңнан астам педагогтың еңбекақысы 25 пайызға, 1600 дәрігердің еңбекақысы 30 пайызға, 5800 орта медицина қызметкерінің жалақысы 20 пайызға, 1400 әлеуметтік және 1800-ге жуық мәдениет, архив қызметкерінің айлық табысы 30 пайызға өсті», – деді Қанат Ыдырысов.

Сонымен қатар, атап өтілгендей, 2020 жылдың қаңтарынан облыста 7514 көпбалалы отбасына кірісіне қарамастан 42 500 теңгеден 73370 теңгеге дейін мемлекеттік жәрдемақы төлеу басталғанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама