USD
USD
USD

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9,5 млн теңге айыппұл төлейді

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға салынатын айыппұл мөлшерін 3 мың АЕК-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9,5 млн теңге айыппұл төлейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған сенаторлар мемлекеттік рәміздерді қорлау бойынша заң баптарын барынша қатайтуды, белгіленген айыппұл мөлшерін екі есе көбейтуді және жаза мерзімін 5 жылға дейін ұзартуды талап еткен болатын.

«Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабында көзделген жауапкершілікті қатаңдатуды, соның ішінде ең жоғары айыппұлды 2 000-нан 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімін 600-ден 900 сағатқа дейін ұлғайту бойынша түзетулерді мүдделі мемлекеттік органдар пысықтап жатыр», - делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 сәуірінен еліміздегі 1 АЕК - 3 180 теңге. Демек, ендігі уақытта мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 9 540 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт