USD
USD
USD

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Сайынұлы Исабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәкен Исабеков Д.А. Қонаев атындағы университетте «Юриспруденция» мамандығы бойынша білім алған.

2003 - 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдардағы қызметтерді атқарды.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Президент күзеті қызметінің бастығы болды.

2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық