USD
USD
USD

Мемлекеттік қолдау жаңа кәсіпке жол ашты

Шымкент қаласының тұрғыны Шынар Сарыбаева –«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Ол көп балалы ана ретінде АӘК алушылар қатарына кіреді.

Мемлекеттік қолдау жаңа кәсіпке жол ашты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында биылғы жылдың наурыз айында 200 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа «тігін ісі» бойынша өтініш берген. Нәтижесінде комиссия жобасын мақұлдап, бүгінде көлікке арналған орындық қаптарын тігіп сатуда.

- Қолымыздан келген мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттен де қолдау тапқаныма қуаныштымын. Отбасымның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жеке кәсібімізбен айналысып келеміз. Ең бастысы тапсырыс жасаушылардың көңілінен шығады – дейді 26 жастағы қала тұрғыны.

Айта кетсек, былтыр 4828 адам мемлекеттік грант алды. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122-сі аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29- мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ,1075- жастарға және 1195- өзге санаттағыларға берілді. Ал, биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз армандарын жүзеге асыруда.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек