USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметшілерге баспана алу үшін ақша беріледі

Семей қаласында 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіге баспана алуға көмек көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметшілерге баспана алу үшін ақша беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылдан бастап Комсомол кентінде көпбалалы отбасыларға арналған он үйдің құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта шаһар бойынша тұрғын үй кезегінде 923 көпбалалы отбасы, 2141 толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 487 отбасы кезекте тұр. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында Семей қалалық Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова мәлімдеді.

«Осы санаттағы азаматтар «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алады. Бағдарлама «Отбасы банкі» АҚ Семей филиалы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекет аталған бағдарлама бойынша тұрғын үй аламын дегендерге бастапқы жарна ретінде 1 миллион теңге көлемінде сертификат береді, - деді ол.

Қазан айының басында мемлекеттік қызметшілерге арналған бағдарлама әзірленді. Кезекте тұрған 5296 мемқызметкерден әлеуметтік саланың 2460 маманы іріктеліп алынды. Оларға Комсомол кентінен үй алу үшін алғашқы жарна ретінде 1,5 млн теңге берілмек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы