Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметшілер тағылымдамадан өтетін болды

Өз саласында тың бастамалар мен тиімді ұсыныстар енгізген мемлекеттік қызметшілерді көтермелеудің тетіктері пайда болады.

Мемлекеттік қызметшілер тағылымдамадан өтетін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне корпоративтік сектордың оң тәжірибелері де енгізілмек. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік қызметкерлерді жеке және квазимемлекеттік секторда, халықаралық ұйымдарда тағлымдамадан өткізу жоспарланып отыр.

Ал өз жұмысында тың бастамалар көтеріп, жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша ұтымды ұсыныстар айтқан қызметшілерді көтермелеудің тетіктері пайда болмақ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаевтың айтуынша, бұл өзгерістердің бәрі «Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында» қамтылған.

«Корпоративтік сектордың оң тәжірибесін табысты енгізу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің квазимемлекеттік, жеке және халықаралық ұйымдарда тағылымдамадан өтуі жоспарлануда. Мемлекеттік қызметшілердің білімі мен дағдыларын үздіксіз арттыру қамтамасыз етілетін болады. Бастамалар мен рационализаторлық ұсыныстарды көтермелеу тетіктері енгізіледі. Бұл мемлекеттік қызметте корпоративтік мәдениетті жақсартуға мүмкіндік береді», – деді агенттік төрағасының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов