USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білуі міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу үшін қазақ тілін білу міндетті болуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осындай бастама көтерді.

Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білуі міндеттелуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңының жобасы бойынша Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жарияланған.

"Мемлекеттік органдарда қазақ тілінің қолданысын кеңейту мақсатында мемлекеттік қызметке кіру үшін мемлекеттік тіл біліміне шек қоюға болады деп ойлаймыз", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері мемлекеттік қызметтің жұмыс жүйесі қоғамдық қатынастар процестерімен байланысты екенін атап өтті.

"Қоғамдағы қазақ-орыс билингвизмінің даму серпіні де мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға әсер ететіні сөзсіз", - делінген агенттік құжатында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты