USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметкерлердің дене салмағы өлшеніп отырады

Өзбекстанда 2021 жылдың 1 шілдесіне қарай мемлекеттік органдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің толық салмағын бағалау өлшемі әзірленіп, оның қорытындысын сараптау және онлайн-мониторинг жүргізу жүйесі енгізілмек.

Мемлекеттік қызметкерлердің дене салмағы өлшеніп отырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Centralasian.org мәліметі бойынша, бұл туралы дене тәрбиесі және спорт министрлігі өкілдері баспасөз мәслихаты кезінде жариялаған.

Олардың айтуынша, мемлекеттік органдар үшін дене жаттығуын жасауға арнайы уақыт белгіленеді.

Бұдан бөлек 2021-2022 оқу жылынан бастап мектептерде дене тәрбиесі сабағына аптасына екі сағат беріледі. Келесі жылы "Өзбекстанның ұлттық спорты мен халықтық ойындарының энциклопедиясы" басылып шығады.

Министрлік өкілдері 2020 жылдың соңына дейін Өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университетінде спорт тақырыбында кітаптар мен журналдар шығаратын арнайы баспа ашылмақ.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт