USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметке орналасатындар енді рухани құндылықтар бойынша тест тапсырады

Мемлекеттік қызметке келемін деген адамның рухани құндылығын анықтау бойынша тестілеу енігізіледі. БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қызметке орналасатындар енді рухани құндылықтар бойынша тест тапсырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келер жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді онлайн жүргізуді жоспарлап отырмыз. Оған байланысты қызметке кіретін азамат бірінші кезеңде прокторинг бағдарламасымен тест тапсырады, одан кейін құзыреті мен қабылетіне анықтайтын тестілеуден өтеді. Сонымен қатар, біз тағы бір тест енгізіп отырмыз. Ол – әр мемлекеттік қызметке келемін деген адамның рухани құндылығын анықтау бойынша тест. Бұлардың барлығы онлайн форматта қолжетімді болады. Азамат үйінде отырып-ақ, емтихандарды тапсырады. Ал біз әр кезең бойынша балл қойып отырамыз. Соңында сол ұпайлардың жиынтығы бойынша кім көп балл жинады, сол бос лауазымға тағайындалады», - деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті