USD
USD
USD

Мемлекеттік қызметке кіру жеңілдеді

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов ведомствоның заңнамалық бастамаларын іске асыру туралы баяндады. 

Мемлекеттік қызметке кіру жеңілдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға мынадай өзгерістер енгізілді. Біріншісі, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді аудандық және ауылдық деңгейлерде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау. Екіншісі, Агенттік келісімі бойынша конкурссыз «Б» корпусының басшы лауазымдарына тікелей тағайындау. Бұл жеке және квазимемлекеттік секторлардан салалық тәжірибесі бар білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді. Үшіншісі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген түлектерін өңірлік органдарға конкурссыз тікелей тағайындау», - деді спикер.  

Оның айтуынша, «Б» корпусын тағайындау туралы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін агенттік келісімі бойынша мемлекеттік органдарда осындай 200-ге жуық басшы тағайындалды. Сондай-ақ, Академия мен жоғары оқу орындарының үздік түлектерінің ішінен конкурстық іріктеусіз 71 адам лауазымға тағайындалды.

Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының 71 түлегі өңірлерде аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша