Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекеттік хатшы: Прокурорлық қадағалау тәртібімен 250 мыңнан астам саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы жайында

Мемлекеттік хатшы: Прокурорлық қадағалау тәртібімен 250 мыңнан астам саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталды
Фото: NEGE.kz

«Қазақпарат» агенттігіне сұхбат берген Ерлан Қарин қуғын-сүргін құрбандарына байланысты құжаттарды құпиясыздандыруға қатысты ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Бұл жұмысты ұйымдастыруға және тиімді үйлестіруге Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресурстары бағытталған.

– Осыған дейін Бас прокуратура 2,4 миллионнан астам материалдарды, ҰҚК 1,5 мыңнан астам архив істері мен құжаттарды, ІІМ 5,3 мыңнан астам құжаттарды құпиясыздандырды. Мемлекеттік комиссия қызметінің шеңберінде прокуратура органдары жаңа деректерді анықтады және прокурорлық қадағалау тәртібімен 250 мыңнан астам азамат ақталды. Ақталғандардың негізгі бөлігі жер аударылған және күштеп көшірілген азаматтар, – дейді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшы жұмыстың бұлай жүйелі жүруіне ҚР Президентінің 2020 жылы қабылдаған Жарлығы негіз болғанын тілге тиек етеді. Қолданыстағы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң бойынша жапа шеккен азамат немесе оның туысқандары өкілетті органға шағымдануы қажет. Ал Жарлық прокурорларға әлдебір азаматтардан шағым түскенін күтіп отырмай-ақ, қуғын-сүргін құрбандарын өздері ақтай алатын мүмкіндік берген.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи