USD
USD
USD

Мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түсті

Қаңтар мен кыркүйек айларында мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түскен. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкмітеттің отырысына айтты.

Мемлекеттік бюджетке 7,9 трлн теңге түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, 9 айда мемлекеттік бюджетке 7 трлн 912 млрд теңге сомасында кірістер түсіп, жоспар 104% орындалған. Соның ішінде республикалық бюджетке 5,1 трлн теңге түсіп, жоспар 100,1% орындалған.

«Жалпы, кірістер бойынша жоспар 7 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар 22 млрд теңгеге атқарылса, салықтық емес түсімдер 17 млрд теңгеге атқарылмады. Салықтар бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды», - деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметі бойынша, корпоративтік табыс салығының жоспары 672 ірі салық төлеушінің мәлімделген аванстық төлемдері 66,4% ұлғаюына байланысты асыра орындалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер