USD
USD
USD

Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде арыздарды беру үшін мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

 Мемлекеттік баж алымының жаңа түрі енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  Енген өзгерістерге сәйкес, талапкер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде талабын сотқа берген жағдайда, сол талап бойынша ерекше талап қою істерін, ерекше іс жүргізу істерін арыздарға (шағымдарға) сәйкес қарастыру үшін, арызданушы – 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттiк бажды төлеуі қажет (2022 жылы 1532 теңге).

Мемлекеттік баждың төлеушісі – сотта мүддесі қаралатын өтініш берушілер болып табылады.

Мемлекеттік бажды өтініш берушілер өтінішті бергенге дейін төлеуі қажет.

Өтінішерді (шағымдарды) қарайтын соттар - уәкілетті органдар болып табылады.

 

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов