USD
USD
USD

Мемлекетке қарыз қазақстандықтар тізімі жарияланды

Жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған 250 млн теңгеден асатын қарыз бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандықтың тізімін жарияланды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Мемлекетке қарыз қазақстандықтар тізімі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың салық бойынша жалпы қарызы қазіргі уақытта 263 845 620 теңгені құрап отыр. Бұл соманың ішіндегі негізгі қарыз үлесі – 166 150 674 теңге.

97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар.

Антирейтинг тізімінің бірінші орнында Алматы қаласының тұрғыны. Оның төлеуі тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 млн.теңгеге (10 932 801 теңге) жуық.

Бұл сома бойынша негізгі қарыз – 6 314 141 теңге. Ал, жинақталған өсімпұл – 4 618 660 теңгені құрап отыр. Жер салығы бойынша ең көп борыш жинақтаған азамат – Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Ол жалпы сомасы 723 455 теңге қарызын өтеген жағдайда 73 719 теңге сомасындағы өсімпұлдан босатылуы мүмкін.

Сонымен бірге, қазақстандықтар мүлік салығы бойынша да қарыз жинап үлгерген. Салықтың бұл түрінде рейтингті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бастап отыр.

Оның жалпы қарызы – 1 165 033 теңге. Ол негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда 422 287 теңге өсімпұлды есептен шығара алады.

Борышкерлердің толық тізімін МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай