Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Елордада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. Учаскелік полиция инспекторлары Ильинка кентін аралау кезінде Доспамбет жырау көшесіндегі иесіз қалған вагонда тұратын ер адамды анықтаған. Полицейлер тексеру барысында 1977 жылы туған азаматтың қараша айынан бастап шартты мерзімге сотталған ретінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін сот шешімімен мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтады. Аталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Биылғы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізіліп, шара барысында учаскелік полиция инспекторлары 280 мыңға жуық пәтерді, 85 мыңнан астам жеке және саяжай үйлерін аралады.

Қазір оқып жатыр

«Алға, Қазақ елі!»: Дастан Сәтпаев алдағы маусымды «Бернли» сапында өткізеді

.

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық