USD
USD
USD

Мемлекет пайдасына қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы әзірленді

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК-мен бірлесіп jerkarta.gharysh.kz порталын іске қосты.

Мемлекет пайдасына қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы әзірленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – мемлекет пайдасына қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов хабарлады.

Оның айтуынша, интерактивті карта арқылы онлайн түрде қай өңірде қандай жерлер қайтарылғанын, оның жалпы ауданын және т.б. мәлімет ала алады.

«Әкімшіліктерге осы жерлерді одан әрі игеру туралы тапсырма берілді. Қазіргі таңда осы интерактивті картадағы өткен жылдары қайтарылған жерлердің 2 млн га жуығы игеруге берілді. Айта кетерлік жайт, картада жер учаскелерінің кадастрлық номері, ауданы және координаттары көрсетілген. Ал оның кімнің меншігінде болғаны туралы мәлімет ұсынылмайды», - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев