USD
USD
USD

Мемлекет көлікті төрт пайызбен жеті жылға береді

Индустрия және инфрақұрылым даму министрі отандық нарықтағы темір тұлпардың құны жоғары екенін мойындады.

Мемлекет көлікті төрт пайызбен жеті жылға береді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шетелден келетінінің құны соңғы айларда еселеп өскен. Ал өзімізде құрастырылатыны тапшы.

Қайырбек Өскенбаев көлікке қол жеткізу үшін кей отандастарымыздың үш-төрт айлап кезекке тұратынынан хабардар. Министр осы мәселені шешу үшін бүгін Үкімет отырсында жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен таныстырды. Егер тиісті шешім қабылданса, бағдарлама осы айдың аяғында жұмысын бастау,а тиіс. Бұрын белгілі болғандай, бұған утильалымынан жиналған 100 миллиард теңге жұмсалмақ. Енді мемлекет көлік аламын деушілерге төрт пайызбен жеті жылға несие беруге дайын. Бірақ сатып алар көлік құны 10 миллион төңірегінде болуы керек. Белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда, үстіндегі ақшаны өз қалтаңыздан төлейсіз.

 Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрі:

 – Төрт пайыздан несие беретін тәртіпті бекіттік. 10 миллион теңгеге дейін сомасын белгіледік. Одан қымбат та көлік алуға болады. Бірақ айырмашылығын қалтаңыздан төлейсіздер.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер