Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет қазынасынан ақша ұрлау анықталды

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекет қазынасынан ақша ұрлау фактісін анықтады.

Мемлекет қазынасынан ақша ұрлау анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Железин ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мекеме басшысы мен қызметкерлеріне жалақыны есептеу және аудару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік аудит жүргізді. Аудит барысында мекеме бухгалтері 2013-2019 жылдар аралығында мекеме басшысы мен бухгалтердің жеке есеп-шотына негізсіз ақша аударғаны анықталды», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдері.

Сыбайластар 10 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаражатын иемденіп алған. «Павлодар облысы Железин аудандық сотының 2020 жылғы 27 шілдедегі шешімі негізінде мекеме басшысы мен мекеме бухгалтеріне ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - деп толықтырды департамент өкілдері. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда аукцион өткізу тәртібі өзгертілмек: кепілдік жарна құны қымбаттайды

Аукцион

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан