Мемлекет берген пәтерден шығаруға тыйым салынады

Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі премьер-министр Асқар Мәминнің басшылығымен жалға берілетін мемлекеттік баспанадан шығару туралы бір ережені Конституцияға қайшы деп тапты. Бұл туралы Krisha.kz хабарлады.
Алматы, NEGE. Әңгіме «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңның 107-бабының 8-тармақшасы туралы болып отыр. Онда қандай жағдайда жалға берілетін мемлекеттік баспанадан өзге баспана бермей шығарылатыны туралы егжей-тегжей көрсетілген. Заңда жалға алушы мен оның отбасы мүшелері басқа тұрғын үйді сатып алатын болса, онда олар мемлекеттік жал баспанасынан шығарылады деген ереже бар.
ҚР Конституциялық кеңесінің сайтында іс жүзінде бұл шектеу көпбалалы отбасылар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтардың құқығын бұзады делінген.
Кеңес мүшелері баспанадан айыру туралы шешім азаматтардың басқа тұрғын үй сатып алғаны туралы дерек негізінде емес, азаматтардың әрқилы жағдайдағы заңды мүдделерін ескере отырып қабылдануы керек деп санайды. Бірінші кезекте жалға алушының отбасында қанша адам тұратыны, жалдап отырған және сатып алған үйінің аумағы секілді өзге де жағдайлар есепке алынуы тиіс.
Осыған байланысты, Конституциялық кеңес үкіметке тиісті заң мен өзге де құқықтық құжаттарға түзетулер енгізуді тапсырды.