USD
USD
USD

Мемлекет басшысының Жарлығымен 10 ұлттық жоба бекітілді

ҚР Президенті Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 10 ұлттық жоба бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы 2021 жылғы 13 қазан ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған ұлттық жобалар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген ұлттық жобаларды бекітсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 7 қазан № 670 Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 670 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Ұлттық жобалар тізбесі

1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.

2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.

3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.

5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.

7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.

8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.

9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.

Қазір оқып жатыр

«Ешқайсысына араша түспеймін»: Министр Ақтаудағы хирург пен ата-ана дауына пікір білдірді

Ақмарал Әлназарова

«Центр плова Loft» ісі: 12 адамның өліміне кінәлі үш адамға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Щучинск

Келер жылдан бастап шетелге жұмыс істеуге шығатын қазақстандықтар есепке алынбақ

Жолаушы

Қазақстанда 70 мың медицина қызметкерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Дәрігер мен науқас