USD
USD
USD

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазынаның» биылғы табысы жайлы есеп берілді

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазынаның» биылғы табысы жайлы есеп берілді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық қорытындылары туралы есеп берілді. 
Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, қордың биылғы табысы 10,5 триллион теңге болады деп болжанып отыр. 

Бұл - жоспарлы көрсеткіштен 22 пайыз жоғары. 

Бұған мұнай бағасының көтерілуі, жүк тасымалы мен транзит көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ электр қуатын өндіру және тарату көрсеткіштерінің артуы негізгі фактор болды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысына әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыруға қатысты тапсырмаларының орындалуы жөнінде мәлімет берілді. 

Атап айтқанда, газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы 11 басым жобаның іске асырылу барысы туралы баяндалды. 

Қорды басқару кеңесі жобаларды мақұлдап, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі