USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске байқаушы болып қатысқан елдерге алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа кеңестің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске байқаушы болып қатысқан елдерге алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ЖЕЭК-тің жұмысына конструктивті қатысқаны үшін және Еуразиялық интеграцияның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», - ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының ынтымақтастық бағытындағы елеулі рөлін айтты.

Өз кезегінде ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н. Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы ретінде жұмысын жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс форматында өткен іс-шараға байқаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшыларына алғысын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе