USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Жандарбек Мәлібекұлын құттықтады

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. 

Мемлекет басшысы Жандарбек Мәлібекұлын құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  Биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

«Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі» — делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға кіру шетелдіктер үшін енді 4 мың теңге болуы мүмкін бе?

паспорт

Мұхтар Тілеуберді қайта сыртқы істер министрі атанды

Мұхтар Тілеуберді

Қаржыгерлер доллардың 458,37 теңгеге дейін арзандау себебін түсіндірді

доллар бағамы

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды

жаңа туған сәби табылды