USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Қазақстанда 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент "Семей орманы" табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет. Еліміздің қайғысы. Бекем болыңыздар. Орны толмас қайғы екенін түсінемін. Сіздерге жан-жақты көмек көрсету жөнінде үкіметке тапсырма бердім. Үкіметке немесе маған жеке өтініштеріңіз болса, айтыңыздар. Барлық өтінішті орындаймыз. Қаза тапқан азаматтар қайтып келмейді. Бірақ өмір жалғасады", - деді Тоқаев марқұмдардың туыстарымен кездесуінде.

Ол қайғылы жағдайға кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ президент дүйсенбі, 12 маусым Жалпыұлттық аза тұту күні болатынын айтты.

"Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз",– деді мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай

Тасымалдаушының «көмегіне» жүгінген алматылық 60 млн теңге шығынға ұшыраған

алаяқтық

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық