USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы даңқты палуан, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Жақсылық Үшкемпіровтің отбасына көңіл айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемге танымал даңқты палуан, Олимпиада чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі кәсіпкер Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіровтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Жақсылық Әмірәліұлы елімізде спорт саласының кең қанат жаюына атсалысты және жастарға үлгі болды. Өңірлерді өркендету мақсатында спорт кешендерін салып, жас спортшылардың өсіп-жетілуі және ауыл шаруашылығының дамуы жолында қыруар іс атқарды. Еселі еңбегімен, азаматтық қадір-қасиетімен ел ішінде құрметке бөленіп, соңында өшпес із қалдырды. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген жеделхатта. 

Қазір оқып жатыр

Көмір өндірісін жаңғырту: Qarmet шахталарында қандай өзгерістер бар?

Көмір департаменті, Qarmet

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кетті

Александр Вучич

Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарында бір алтыннан айырылды

Ясмина Тоқсанбаева