USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады

Кездесу барысында Асқар Жұмаділдаев Ұлттық ғылым академиясының соңғы үш айда атқарған жұмыстары туралы баяндап, отандық ғылымды дамытуға  қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар академик қазақ тілін латын графикасына көшіру жөнінде ой-пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы ғалымның айтқан барлық ұсыныстары қарастырылатынын және Үкіметке тиісті тапсырма берілетінін айтты.

Президенттің пікірінше, ғылыми-академиялық қоғамдастық елімізде жаратылыстану, инженерлік-технологиялық бағыттағы іргелі ғылыми орталықтардың пайда болуына, зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ғылымға негізделген ұсынымдар беруге ұйытқы болуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев академик Асқар Жұмаділдаевтың қоғамдағы абырой-беделі зор екенін атап өтіп, оның Ұлттық ғылым академиясындағы жауапты жұмысына табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты