USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

 Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының қазіргі ахуалы мен биылғы қаңтар-сәуір айларында жүзеге асырылған ақша-несие саясатының қорытындылары жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы және экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жолдары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Жұмыспен қамту жол картасына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуды және оның көзделген мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы өндіріс саласында жаңа жұмыс орындарын ашудың қажеттілігін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков