USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Словенияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді.

Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөз жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды келесі жылы елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

– Мен сізді Қазақстанға сапармен келуге ресми түрде шақырамын. Келесі жылы маусым айының ортасында елімізде Астана халықаралық форумы өтеді. Онда саясат және экономика мәселелері талқыланады. Биылғы маусым айында өткен форум өте табысты болды. Өзге мемлекеттердің басшылары, премьер-министрлері, сондай-ақ көптеген трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен бірге Сіз де аталған форумның негізгі спикерлерінің бірі боласыз деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттер Қазақстан мен Словенияның сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық перспективаларын талқылады. Сондай-ақ әңгімелесу барысында фармацевтика, логистика және IT индустриясы салаларындағы өзара байланыстардың оң тәжірибесіне назар аударылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты