Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады

Әңгімелесу барысында өзара ынтымақтастық және мұнай-газ химиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев SINOPEC компаниясының полиэтилен өндірісі жобасына толыққанды серіктес ретінде қатысуы Қазақстанның аталған кәсіпорынмен орнықты ықпалдастығының айқын дәлелі екенін атап өтті. Қазақстан мұнай-газ химиясына қатысты әлемдік деңгейдегі мұндай ауқымды жобаны бұған дейін жүзеге асырмаған.

Жобаның жалпы құны – 7,7 миллиард доллар.

– Біз компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ еліміздің мұнай-газ саласына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Сіздің кәсіпорныңызбен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз әрі Сіздің компанияны Қазақстанның стратегиялық серіктесі деп санаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ма Юншэн Мемлекет басшысына компанияның 2024 жылдың екінші жартысында зауыт құрылысын бастауға ниеттеніп отырғанын айтты. Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытының базасында тағы бір стратегиялық жобаны жүзеге асыру – терефталь қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі кешенін салу жоспарын жеткізді.

– Біз осы жобанының дамуына үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл жобаға айрықша мән береміз, – деді Ма Юншэн.

Бұдан бөлек, кездесуде геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ аталған бағытта заманауи технологияларды қолдануға қатысты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті