Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас достық пен ынтымақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Швейцарияның Алматыдағы Құрметті консулдығы қызметінің басталуымен құттықтады. Оның ресми ашылу рәсіміне Иньяцио Кассис қатысты.

Мемлекет басшысы Швейцария Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта Швейцария Қазақстанның  жетекші 20 сауда серіктесінің қатарына кіреді. Елімізге жалпы көлемі 32,5 миллиард доллардан астам инвестиция құйған үш ірі инвестордың бірі.

– Біз Қазақстан экономикасының перспективті салаларына инвестиция құюға дайын жаңа швейцариялық компанияларды қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі мен Stadler теміржол концерні арасында қол қойылған келісімнің келешегі зор деп ойлаймын. Сондықтан осы мәміленің жүзеге асырылу барысын ерекше қадағалаймыз. Бұл біздің қарым-қатынасымыздың дамуына тың серпін береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсеге ізгі тілегін жолдады.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш