USD
USD
USD

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара қолдауға және мазмұнды саяси диалогқа негізделген берік серіктестік қатынас орнағанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президенті Ранил Викрамасингхемен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті сауда және инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыра түсу үшін үкіметтер деңгейінде пәрменді шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев виза режиміне қатысты шарттарды жеңілдету және екі ел арасында тікелей әрі тұрақты әуе рейстерін ашу маңызды екеніне назар аударды.

Тараптар халықаралық ұйымдар аясында, атап айтқанда БҰҰ деңгейінде өзара ықпалдастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы