USD
USD
USD

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазынаның» жобалары бойынша бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазынаның» жобалары бойынша бірқатар тапсырма берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысына Қордың жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық нәтижелері туралы баяндалды.

Алмасадам Сәтқалиев биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына 8 981 миллиард теңге кіріс кіргенін және оның жоспарланған мөлшерден 20 пайызға артық екенін айтты. Компаниялар тобының операциялық табысы – 1 256 миллиард теңге. Бұл – былтырғы көрсеткіштерге қарағанда 2 еседен көп. Оған мұнай бағасының қымбаттауы, жүк тасымалынан түсетін кірістің артуы, транзиттің өсуі және басқа да өндірістік көрсеткіштер ықпал еткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жобалары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе