USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  – Румыния – саяси тұғыры бекем, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Осы тұста еліңіз алдағы уақытта да биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Оған Сіздің қосып отырған жеке үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де табысқа толы болатынына кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханнистің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына баянды бақыт пен амандық тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі

Binance криптобиржасына хакерлік шабуыл жасалды

СryptoCity

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев