USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы, NEGE. Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері қаралды. Президент коронавирус індеті кезінде Ресей Федерациясының Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы екіжақты және медицина мен денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ұйымдар аясындағы, оның ішінде жаңа бастамалар мен жобаларды іске асыру шеңберіндегі қарқынды ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың маңызын атап өтті. Кездесуде сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ қызметімен байланысты мәселелер және жоғарғы деңгейдегі ЕАЭО кездесуіне, сонымен қатар, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының алдағы саммитіне дайындық барысы талқыланды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева