USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында есеп берді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы. NEGE. Үкімет басшысы республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал бақылауда екенін, күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,4 пайызға өсіп отырғанын, еліміз бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9 пайызды құрайтынын айтты. Жұқпалы аурулар ауруханаларының 28 пайызында, жансақтау бөлімдерінің 20 пайызында адамдар емделіп жатыр. Қазіргі уақытта COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл аймақта», Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта», қалған өңірлердің барлығы «жасыл аймақта» тұр.

Биылғы 19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.

2021 жылы наурыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданында жылына қуаты 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жететін биофармацевтикалық зауыт пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қарағанды қаласында ресейлік «Спутник V» вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Мемлекет басшысына инвестиция тарту, өңірлерді дамыту жобаларын жүзеге асыру, халықты жұмыспен қамту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзге де өзекті мәселелері жөнінде баяндалды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.