USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі Палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  Президентке берілген ақпаратқа сәйкес екінші сессия басталғалы бері Мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, Сенатқа жолданған.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы Парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматтары туралы айтты. Депутаттар енді өз жұмыстарында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.

Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжілісмендер жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент