USD
USD
USD

Мемлекет басшысы: Отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек

«Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді.

Мемлекет басшысы: Отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті отыз бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. «Қазір геосаяси ахуал ушығып тұр. Жаңа сын-қатерлер пайда болуда. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайтып, отаншылдық рухын көтеруге баса мән беруіміз керек. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Олардың бойына татулық пен келісім, төзімділік, толеранттылық пен мәдени ықпалдастық құндылықтарын сіңіру айрықша маңызды», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы саяси және қоғамдық плюрализм радикалды формаларға бағыт алуына жол бермеу керек екенін атап өтті. Осы орайда Қасым-Жомат Тоқаев қандай да бір азаматтарды кемсітуді, ар-намысы мен абыройын қорлау жағдайларын қоғам қабылдамауы керек екенін қадап айтты.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити