USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президентке Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы мен әскери дайындығын арттыру шаралары туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан армиясының заманауи қару-жарақтармен және техникамен жабдықталуы, инфрақұрылымдық дамуы, цифрландырылуы, ақпараттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі және бітімгершілік бөлімдердің дайындығы жөнінде мәлімет берілді.

Нұрлан Ермекбаев дамыған мемлекеттер армиясының құрылымына жасалған талдау жұмыстарын ескере отырып, Қорғаныс министрлігі «Армияны жаңғырту» жобасын ұсынатынын хабарлады. Ұлттық жобаның жүзеге асырылуы армияның әскери әлеуетін арттыруға, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге зор мүмкіндік береді.

Министр Жоғарғы Бас қолбасшының Әскери мақсатқа арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторын құру жайында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді.

Бірыңғай оператор әскерді, ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйесінің үздіксіз әрі орнықты жұмыс істеуін, сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келетін ақпараттық жүйе мен әскери мақсатқа арналған бірыңғай транспорттық ортаны қамтамасыз етеді.

Қазір оқып жатыр

Ленин бюсті: Алматының білім басқармасы мектептегі кездесуге түсініктеме берді

ЖИ

Украинадағы қақтығыс аумағына тап болған қазақ жігіттерінің алды елге орала бастады

Украинадан оралған қазақ жігіті

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк