USD
USD
USD

Мемлекет басшысы тест жасаған ғалымдарды құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне

Мемлекет басшысы тест жасаған ғалымдарды құттықтады
Фото: NEGE.kz

қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады.  

Алматы, NEGE. «Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты. Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін», - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тілеп, алғыс білдірді. 

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж