Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Елорда, NEGE. Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.

Аталған жиын барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды. Сонымен қатар Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.

Қазір оқып жатыр

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов