USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Марат Әзілхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Марат Әзілхановты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары мен қоғамдық институттардың өңірлерде жүзеге асырған іс-шараларының қорытындысы жайында баяндалды.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты барлық құрылымдардың нақты әрі нәтижелі жұмыс істеу қажеттігі айтылды.

Президент Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Әзілхановқа этномедиация институтын дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала