USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Майкл Помпеомен сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Майкл Помпео COVID-19 індетінің таралуына қарсы күресте халықаралық іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Майкл Помпеомен сөйлесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға қолдау білдіріп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. АҚШ дипломатиясының басшысы Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатында екіжақты ықпалдастықты арттыру ниетін нақтылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Орталық Азия елдеріндегі эпидемиологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмектесуге дайын екенін айтты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка арасындағы саяси диалогты одан әрі тереңдету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті арттырудың, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында атқаратын бірлескен жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс